Тоқаев Нағаспаевты өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметінде қалдырды

Сырым Қаржас
Gov.kz

Ерсайын Нағаспаев Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тиісті жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Жаңа-ескі министр туралы не белгілі?

Ерсайын Нағаспаев 1980 жылғы 28 шілдеде Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2013-2014 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Одан кейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдарында жұмыс істеді.

2021-2025 жылдары «ҚТЖ» компаниясында басшылық қызметтер атқарып, соның ішінде жаңа жобаларға жауап берді.

2025 жылғы 28 ақпаннан бастап Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрлігін басқарып келеді.

Енді ол осы қызметіндегі жұмысын жалғастырады.