Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі қызметінде қалды

Сырым Қаржас
parlam.kz

Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тиісті жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Мұғалімнен министрге дейін

Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова 1983 жылғы 25 тамызда дүниеге келген. Еңбек жолын білім беру және жастармен жұмыс саласында бастаған.

Кейін білім беру ұйымдарында, соның ішінде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жүйесінде басшылық қызметтер атқарды.

2017–2021 жылдары Зияткерлік мектептерді дамыту департаментінің директоры болды.

2025 жылғы 29 қыркүйектен бастап Сүлейменова Оқу-ағарту министрлігін басқарып келеді.

Енді ол осы қызметіндегі жұмысын жалғастырады.