АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сапар аясында ол премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты келіссөздер өткізді.
Сонымен қатар Блинкеннің президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі жоспарланған.
Бұдан бөлек, АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен сапар барысында Орталық Азиядағы бес республикасының өкілдерімен «С5+1» форматындағы министрлер кездесуіне қатысады.
Форумның мақсаты – АҚШ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан арасындағы экономикалық, энергетика, қоршаған орта және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту.