Блинкен қазақ тілінде жазба қалдырып, Қазақстанға алғыс айтты

Ulysmedia

Астанадағы ресми сапары аяқталған АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен қазақ тілінде әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілінде жазба жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

әлеуметтік желіден

“Қайырлы күн, Қазақ елі!”деп басталған жазбасында Блинкен мемлекетіміздің басшысына және сыртқы істер министрлігіне алғысын жеткізген.

“Менің сапарым сәтті, кездесулерім табысты болды. Құрметпен қарсы алып, С5+1 кездесуін ұйымдастырғаны үшін Қазақстан президенті Тоқаев пен Сыртқы істер министрлігіне алғыс айтамын”, – деп жазды АҚШ Мемлекеттік хатшысы.

Еске салайық, Блинкеннің Астанаға сапары аясында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.

Сондай-ақ, Орталық Азиядағы бес республика өкілдерімен «С5+1» форматындағы министрлер кездесуіне қатысты.