Алматы облысында Беларусь пойызының вагондары рельстен шығып кетті

Ulysmedia

Алматы облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Қопа станциясының маңында болған.

«23 наурызда сағат 12:20-да Алматы облысы Қопа станциясында жүк пойызының қозғалысы кезінде контейнерлері бар 4 вагон рельстен шығып кетті», - делінген хабарламада.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ және оқиға пойыздар қозғалысына әсер еткен жоқ.

Теміржол операторы болған оқиғаның себебін тексеру үшін комиссия құрылғанын мәлімдеді.