Үкімет басшысының кандидатурасы қашан ұсынылады

Ғалиасқар Думан

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

«Таяу күндері ұсынылады. Уақыты келгенде білесіздер. Қазір мен оны ашып айта алмаймын. Мемлекет басшысына кандидатураны (Премьер-Министр кандидатурасы) таяу күндері ұсынатын боламыз. Мүмкін ертең не арғы күні. Қазір процедурасын пысықтап жатырмыз. Президентпен кездесуде ұсынатын шығармыз және жалпы отырыста келісімімізді береміз», - деді Мәжіліс төрағасы.

Ерлан Қошанов дәл қазір кімнің ұсынылатыны жөнінде айта алмайтынын жеткізді.

«Партия төрағасы ретінде ол - үлкен жауапкершілік. Партия фракциясында ақылдасуымыз керек. Содан кейін мен сіздердің алдыларыңызға шығып не болмаса тиісті процедуралар арқылы сауалдарыңызға жауап беремін», - деді Мәжіліс төрағасы.

Еске салайық,  Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің VIII шақырылымының бірінші сессиясында премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда басым дауыс жинаған партия, яғни Amanat ұсынатынын мәлімдеді.

Бұдан бұрын Ulysmedia.kz дереккөзі Әлихан Смайылов өз орнында қалатынын хабарлаған.