Бұрынғы Энергетика министрі Болат Ақшолақов Президент кеңесшісі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», - деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.
Айта кетейік, 2022 жылғы 11 қаңтардан бері Энергетика министрлігін басқарды.
Үкіметтегі соңғы жұмыс күні ол елімізде жанармай қымбаттайтынын мәлімдеді.