Күллі мұсылманның ұлық мейрамы: Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

Ғалиасқар Думан

ҚР Президенті ел тұрғындарын Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

pinterest.com

“Қадірлі отандастар! Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы”, – деді мемлекет басшысы. 

Президенттің сөзінше, ораза ұстаған жамағат осы мерекені асыға күтеді. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіреді. Халқымыздың ынтымағы нығайып, бірлігі беки түседі.

“Ислам – имандылықты, бейбітшілікті, мейірімділікті дәріптейтін асыл дін. Осы игі құндылықтар елдің амандығы мен берекесін тілейтін ұлтымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан бұл – бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыз үшін қадірлі ұғымдар. Ораза айт – елдігімізді еселейтін мереке. Біз мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайта береміз”, – дей келе Тоқаев елдің әр шаңырағына бақыт, қуаныш тіледі.