Ертең Алматыдағы аудандардың бірінде су болмайды

Ғалиасқар Думан

Ертең Алмалы ауданында бір күн суық су болмайды. Бұл туралы «Алматы су» мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Кәсіпорынның мәліметінше, сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты бірқатар тұрғын үй мен ғимараттар суық судан ажыратылады.

«8 маусым күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін Тілендиев – Райымбек – Розыбақиев – Дүйсенов көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.

«Алматы су» мекемесі уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды өтінді.

Айта кетейік, астаналықтар өткен айдан бері судан тарығып отыр. Бұдан бұрын вице-премьер Алтай Көлгінов қаладағы су тапшылығы қашан жойылатынын айтты.