Алматыда науқастардың ВИЧ жұқтыруы: комиссия тексеруді бастады

Ғалиасқар Думан

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасы науқастарының АИТВ (ВИЧ) жұқтыру дерегіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

“ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ЖИТС орталығының мамандары Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында (ОҚКБ) ем қабылдаған адамдардың арасында АИТВ-оң мәртебесі бар үш жағдайды анықтады. Осы факті бойынша ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттері тексеруді бастады. Комиссияның құрамына ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының мамандары тартылды”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұдан бұрын Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қаланың орталық клиникалық ауруханасында емделушілердің АИТВ жұқтырғанын растаған.