×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Сәрінжіповтің мәлімдемесі: Назарбаев мектебі мен университетінің келешегі не болады

02.02.2023, 12:04
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл сұрақ Сенат кулуарында Үкімет басшысының орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетсек, бұған дейін Jusan Bank миноритарлы акционері саналатын – «Назарбаев Қоры» білім беру қорының басшысы Аслан Сәрінжіпов мәлімдеме жасаған еді. Оның айтуынша, «Jusan – қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстаннан гөрі өздеріне қауіпсіз саналатын басқа мемлекетке көшіп кеткен адамдардың бақылауына өткен».

«Мен бұл шешіммен келіспейтінімді ресм түрде айтқанымды атап өткім келеді», - деген еді Сәрінжіпов.

Бүгін Ерұлан Жамаубаевқа Назарбаев зияткерлік мектебі мен Назарбаев Университетінің келешегі жөнінде сұрақ қойылды.

«Сәрінжіповтың мәлімдемесі жөнінде мен ештеңе деп пікір білдіре алмаймын. Мен ол кісімен бұл мәселе жөнінде әңгімелескен емеспін. Дегенмен кімнің қандай сома алып кеткені туралы сұрақтың қойылғаны орынды», - деп бастады сөзін Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, әу баста тұжырымдама былай жолға қойылған: Назарбаев зияткерлік мектептері мен Назарбаев Университетіне әуелі республикалық бюджеттен қаражат бөлініп келген. Кейін идеология бойынша бюджеттен бөлінетін қаражатты азайту көзделген.

«Біз жыл сайын бөлінетін қаражатты азайтып жатырмыз да. Келешекте Назарбаев арнайы даунинг қоры сол бюджеттен бөлінген қаражаттың орнын толтыру үшін құрылған еді», - дейді ол.

Жамаубаевтың сөзінше, «Jusan банк аталған білім беру мекемелерін тікелей қаржыландыру керек» деген сөз түбірімен дұрыс емес. Себебі министрдің айтуынша, Jusan банк басқа банктер секілді коммерциялық банкке жатады. Халықтың ақшасын тартып, өзінің жеке капиталын құрады. Қаржыландыру нарығында орын тауып, ең бірінші кезекте экономиканы қаржыландырады. Түскен табыс есебінен акционерлерге дивиденттерін береді.

«Соңғы акционерлер – НЗМ-нің өзін қаржыландыруы тиіс даунинг қордың өзі. Сол себепті Jusan банктен тікелей қаржыландыру жоқ. Әйтсе де салынып жатқан дивиденттер есебінен олар салықты төлеп, табыс заң бойынша бөлінгеннен кейін таза табыспен қорға дейін көтеріле алады. Ал қор екі мекемені қаржыландырады. Осы идеология жұмыс істеуі керек», - деді ол.

Министрдің «жауапты түрде Jusan банк тұрақты түрде жұмыс істейтінін, келешекте ол банк үшін қауіп жоқтығына» сендіруге тырысты.

«Бұған дейін Назарбаев зияткерлік мектептерінің шығының көбін республикалық бюджет жауып келген. Ал Назарбаев қорынан әлі Jusan банкті алып кеткен жоқ», - деп түйді сөзін Жамаубаев.

Серіктес жаңалықтары