×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Депутат Тұрлыхановтың ұлының ісіне қатысты тың дерек айтылды

18.04.2023, 13:04
Коллаж: Ulysmedia.kz

Дәулет Тұрлыхановтың ұлының бұзақылық әрекетіне қатысты істі сот қарап жатыр. Бұл туралы Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Іс бойынша тергеу амалдарын әскери прокуратура қадағалады. Қылмыстық іс аяқталды. Қазір ол соттың қарауында. Ол мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаз. Аталған қылмысты жасаған кезде демалыста болған», - деді М. Қазиев Сенат кулуарында.

Еске салайық, ақпан айында заңгер Анна Димитриевич күйеуі Олег Чернов екеуін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққанын мәлімдеді.

Көп ұзамай оның үстінен ҚР ҚК-нің 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан бұрын Дәулет Тұрлыханов ұлының бұзақылық ісі жайлы пікір білдірген. Оның сөзінше, жәбірленушілер татуласуға ниет білдірген.

Алайда соққыға жығылған заңгерлер депутаттың сөзін жоққа шығарды.

Сондай-ақ, бұдан бұрын жәбірленушілер шабуыл жасаған кезде Тұрлыхановтың ұлы әскерде болуы керектігін айтқан.

 

Серіктес жаңалықтары