Жылда 9 мамырда қоғамның бөлінетіні алаңдатады – Мәулен Әшімбаев

Аян Өрібай

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 9 мамырға байланысты жыл да қоғамның бөліне түсетініне алаңдайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

«Жыл сайын 9 мамыр келген кезде қоғамда бөлінушілік пайда болады. Бұл ұлы жеңіс пе, әлде жеңіс пе? Ұлы отан соғысы ма, әлде Екінші дүниежүзілік соғыс па? Осы сұрақтар негізінде биыл да қоғамның бөлінгенінің көрінісін көрдік. СССР туын ұстап шыққандар болды. Оларға қарсы наразылық та көтерілді. Сіз қалай ойлайсыз? Жеңіс күні қалай тойлануы керек? Қоғамның осы негізде бөлінуі сізді ойландырмай ма?» - деп сұрады Ulysmedia.kz тілшісі Мәулен Әшімбаевтен.

Бұл сұраққа жауап берген Мәулен Әшімбаев «қоғамның бөлінуі өзін ойландырады, сонымен қатар алаңдатады» деп жауап берді. Ал соғысты Әшімбаев «Ұлы отан соғысы емес, Екінші дүниежүзілік соғыс» деп атады. Тарихқа көз жүгірте келе ол Қазақстаннан сол жылдары 1,2 млн адам соғысқа аттанғанын, оның жартысы оралмағанын, қаншама адам мүгедек болып оралғанын айтып өтті.

«9 мамыр – ата-бабаларымызға тағзым ретінде, оларды еске түсіріп, олардың аруақтарына тағзым жасайтын күніміз», - дейді ол.

Мәулен Әшімбаевтың айтуына қарағанда, бұқаралық ақпарат құралдары Жеңіс күнінің мәнін қоғамға дұрыс түсіндіруі керек.

«Бұл бізді бөлетін емес, біріктіретін күн болуы керек. Сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен аталарымыз болған. Талғат Бигелдинов, Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов секілді бабаларымызды айта берсек көп. Ата-әкелеріміз фашизмді жеңуге ең үлкен үлестерін қосты. Жастарға оны айту керек. Бұл да маңызды жұмыс бағыттанының бірі», - деді Мәулен Әшімбаев.