АрселорМиттал саудасы, жылусыз қалған халық пен Әнипа Назарбаеваның базары – Ұлыс апта

Ulysmedia

Ulysmedia.kz порталының бас редакторы Самал Ибраева әдеттегідей әр аптаны қорытындылайтын сабақтастықты сақтай отырып, өтіп бара жатқан жеті күннің басты жаңалықтарын шолып шықты. Жыл аяқталуға жақын. Бұл аптада да ел үшін маңызды жаңалықтар, оқиғалар аз болған жоқ.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Трагедия мен тартысқа толы болған 2023 жыл да аяқталуға жақын. Үкімет төгіп берген уәделердің қайсысы орындалды, қайсысы ұмыт қалды? Жақында таразыға салып, сарапшылардың тыңдап, бағасын береміз.

Жыл келісімшарты: Атышулы Арселор Митталдың қожайыны ауысты. Қармет комбинатын қазақстандық олигарх Андрей Лавреньтев сатып алды.

Назарбаевтың мемуары. Бірінші президенттің екінші әйелін мойындаған кітабы қалай оқылып жатыр?

Әнипа Назарбаева да Болат Назарбаевтан қалмай базар қожайыны болыпты. Тамырын кеңге жайған отбасының бүгінгі өмірі.

Қысқа тағы да дайын болмай шықтық. Аяз түсе сала Степногорск жылусыз қалды.

Қаңтар қырғыны. Ұлттық қауіпсіздік қызметінің 11 қызметкеріне сот үкімі шықты.

Ал Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. 

Осы және өзге де жаңалықтар жайлы сөз қозғаған Ұлыс аптаның осы аптадағы шолуын көре отырыңыз.