Шетелге бала сатқандар, елдегі жетімдер үйі және журналистка жайы - QARAKOZ подкасті

Ulysmedia

Ұлысмедиада жаңа жоба. Qaraqoz – еркін әңгіме алаңы. Айтары бар тұлғалардың ашылатын ортасы.

Ulysmedia

Ерекшелігі:  Көзқарасы ерекше, танымы терең өз ісіне адал, сол жолда ізденіп, қоғамға қозғау салып жүрген әйелдер қауымы біздің назарымызда.

Жиілігі: Айына екі рет шығады

Мақсатымыз: Көрерменге ой салу, мотивация сыйлау. Сауатты, сау қоғам қалыптастыруға үлес қосу.

Qarakoz подкастының алғашқы қонағы – журналист, «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Бейсемізова.

Жанар алғаш 2009 жылы қолға алған шет елдегі қазақ балалары туралы жоба биыл алтыншы маусымын түсіріп, «Жібек жолы» арнасында көрсетілді. Әр жылдары шыққан бағдарлама көрерменнің қызу талқылауына түседі. Түрлі сұрақтарға жауап іздеуге итермелейді. Саясаттан бастап, әлеуеттік жағдай, білім беру, жеке индентификация, бала тәрибесі секілді маңызды аспектілерді қамтыған «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы мазмұны жағынан қазіргі уақытта отандық телебағдарламалар арасында көш басында. Жанар жобаны әзірлеу барысындағы жанкештілік пен өзіне жүктелген міндетті қалай түйсінетінін айтты, қоғамдағы кей қарама-қайшылықтарға күйінді.

Подкасттың толық нұсқасын youtube арнадан көруге болады.