Назарбаевтың құлдырауы мен Тоқаевтың нығаюы - 2023 жылдың басты саяси оқиғаларына шолу

Ulysmedia

Осымен 2023 жыл да өз мәресіне жетті. 2023 жылы қаңтар оқиғасынан кейін басталған саяси шиеленістер шарықтау шегіне жете бастады. Кәрім Мәсімов, Қайрат Боранбаев, Гүлмира Сатыбалды, Арыстанбек Мұхамедиұлының істері, онымен қоса саяси белсенділердің қамауға алынуын айтпай кетпеуге болмайды.

Бұл ретте, Ulysmedia.kz порталы 2023 жылды қорытындылады. Биыл елімізде маңызды жаңалықтар мен айтулы оқиғалар аз болған жоқ.

Ulysmedia

46 кеншінің өмірін қиған Костенко шахтасындағы апат, Митталдың Қазақстан нарығынан ақыры кетіп, оның орнына Андрей Лаврентьевтің келуі де назар салатын келісім болды. Семей орманындағы өрт 15 орманшының тірідей жанып келуіне алып келді. Әлсіреген Үкімет жұмысына халықтың наразылығы өсіп келеді. Оған қоса, сайлауда оппозициялық белсенділердің өтпеуі де біраз сұрақтар туғызды. 

Геосаяси тұстарды Қазақстан бірқатар нық қадамдарын көрсетуге тырысқандай болды. Дегенмен Ресейге салынған санкция, Қытаймен визасыз режим Қазақстан экономикасына қаншалықты әсер ететінін әлі айту қиын. 

Бір жыл ішінде біз сіздермен «Ұлыс аптада» 50 мәрте қауыштық. Жыл бойы Қазақстанның әр аптасын сіздерге аптықпай айтып беруге барымызды салдық. Ең маңызды деген, сүзгіден өткен, сараланған ақпараттарды ғана жеткізуге тырыстық. Осы жыл ішінде бізбен бірге болғандарыңыз үшін басымды иіп, алғыс айтқым келеді. Сіздердің қолдауларыңыз бізге ауадай қажет. 

Сонымен шолуымызды көріп, пікір қосыңыздар, бөлісіңіздер.