Балаға түскен ақшаны не істейміз? Назарбаев ескерткіші жойылды. Ауылға жәрдем жетпей адам өлуде.

Ulysmedia

Ulysmedia.kz порталы әдеттегідей аптаның негізгі жаңалықтарын оқырман назарына ұсынады.

Ulysmedia

Балаларға 100 доллардан аударғанға мәз боламыз, 30 жыл ішінде Қазақстаннан оффшор арқылы миллиардтаған доллар қаражат шығарылды, бұл сомаға қаншама мектеп пен аурухана, басқа да маңызды әлеуметтік нысандар салуға болатын еді. Елімізде активтерді қайтару жұмысы неліктен баяу жүруде?

Тарифтер мен қатар, судың да бағасы өсетін болды. Экономика министріне рахмет айтыңыздар. 

Елімізде масс-медиа туралы заңға өзгерістер қызу талқылана түсуде. Желіде наразы білдірушілер артып келеді. 

“Адам өліп жатыр ауылда. Жедел-жәрдем келмейді. Сақтандыруың жоқ деп ауылдарда дәрігерлер емдемейді”, - Ринат Зайытов медициналық сақтандыруды тоқтатуды ұсынды. 

5 миллионнан 20 миллионға дейін. Ұлттық компания басшыларының мемлекеттен алып отырған табыс көзі  белгілі болды.

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың тағы бір ескерткіші алынып тасталды.

Сонымен шолуымызды көріп, пікір қосыңыздар, бөлісіңіздер.