«Саяси ұстанымы үшін құрбан болған адам өте көп», Алтынбектің өліміне 18 жыл – Рысбек Сәрсенбайұлымен сұхбат

Ulysmedia

Ulysmedia.kz қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбайұлымен өрбіген сұхбатты оқырман назарына ұсынады.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Осыдан 18 жыл бұрын 13 ақпанда Алматыда мемлекет қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының денесі табылды. Оппозиционерге көмекшілерімен бірге қарулы қастандық жасауға кім тапсырыс бергенін әлі нақты белгісіз. Қоғам елді дүр сілкіндірген оқиғаның сол кездегі тергеуіне сенбейді.

Біз саясаткердің ағасы, қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбайұлын арнайы шақырып «Жаңа Қазақстанда Сәрсенбаев өлімінің ақиқаты ашыла ма?» деген сұраққа жауап іздедік.

Саясаткердің саяси ұстанымын, оппозициялық қызмет жолын еске түсірдік. Бұдан бөлек Тоқаев жүргізіп отырған саясат пен ел үкіметінің жұмысын, қаңтар оқиғасын талқыладық.