Видеоға түсу үшін қажылыққа барып жүрміз – «Оян Қазақ» подкастында Перизат Мырзахмет

Ulysmedia

Ұлысмедианың жастарға арналған жаңа жобасы - “Оян, қазақта” бүгін жастарға айтары бар қонағымыз – Перизат Мырзахмет. Ол – бұрымдылардың мәселесін әлеуметтік желі арқылы жеткізіп жүрген қоғам белсендісі.

Коллаж Ulysmedia

 Әңгіме барысында "Өмірдің аты М" кітабы туралы сөз қозғалды. Жастарға отбасы құндылығы,махаббат туралы біраз ойын жеткізді. Махаббат туралы түсінік, үйленген соң нағыз махаббат пайда бола ма деген сұрақтардың жауабын берді.

Бұл кітаптың келесі бөлімі не туралы болады? Деген сұрақтыңда жауабы айтылды. Қоғамда әйел адамның рөлі жайында да ол ойын бөлісті. Жар таңдаудағы ең баса назар аударатын кретериилер жайында тілге тиек етті. Подкаст барысында Мұхтар Мағауиннің сұхбаты, неге "пір" тұтатыны және Дулат Исабековпен арасындағы дау жайында да сөз болды. Сонымен қатар қоғамдағы дін мәселесі, дін туралы жастардың түсінігі жеткізілді. Қазақ фильм индустриясы туралы айтуды да ұмытпадық. Бір сөзбен айтқанда замандастарымызға пайдасы тиетін тақырыптарды алға тарттық.