Ulysmedia.kz порталы әдеттегідей аптаның негізгі жаңалықтарын оқырман назарына ұсынады.
Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты шу басылар емес. Әйелі Салтанат Нүкенованы азаптап аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр алқабилер сотына жүгініп отыр.
Қауіпсіздік пен қорғау саласындағы былықтар. “Қазарнаулыэкспорттың” тағы бір басшысы ұсталды. Алматы, Астана қалалары әкімінің орынбасары болған Серік Қожағапанов та Антикордың қақпанына ілінді.
Қазақстанның бүкіл батыс аймағын билеген Аслан Мусин мен Бергей Рысқалиевтің Лондондағы фотосы қызу талқылауға түсті.
Қазақстандық кәсіпкер “Әлия Назарбаева кәсібімізді рейдерлікпен тартып алды” деп мәлімдеме жасады.
Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу “Орталық Азиядағы үкіметтік емес батысшыл ұйымдар Ресейге қарсы әрекетті күшейтті” деп жария салды. Бұл туралы қазақстандық тарап не ойлайды?
Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып тағайындалған Геннадий Головкинге Тоқаев «Спорттағы жағымсыз құбылыстарды жою қажет» деп тапсырма берді.
Шолудың толық нұсқасын YouTube арнамыздан көріп, бөлісе отырыңыздар.