Алқабилер. Бишімбаевты халық соттай ма? Елтаңба кімге ұнамай қалды

Ulysmedia

Ulysmedia.kz аптаны қорытындылап, маңызды оқиғаларды сараптап шықты. 

Коллаж Ulysmedia

Қуандық Бишімбаевтың ісін енді алқабилер қарастыратын болды. Ал соттың алдын-ала тыңдау отырысы дау-дамайға ұласты. Журналистер сот залына кіре алмай қалды. Дегенмен Бишімбаев айыптаулардың ешқайсысымен келіспей отыр. 

Салтанат Нүкенованың өлімі қазақ қоғамындағы асқынып, іріңдеп тұрған жараның бетін ашты. Ол  – қазақ әйелдерінің ауыр тағдыры. Жағдай ушығып тұрғанда «Хабар» арнасының «Бірақ» деген ток шоуы желіні жарды. 

Қазақстанда елтаңба өзгеретін сияқты. Бұл туралы Тоқаев Атырауда өткен құрылтайда мәлімдеді. Ақорданың маңдайшасында тұрған гербтен бастап, ауыл әкімдігінің кіреберісіне дейін тұрған рәмізді өзгерту, қайта басып шығу, дизайынын жасау, бекіту қыруар қаржыны талап етеді. Мына қымбатшылық жайлаған заманда осындай машақат керек пе еді? 

Сондай-ақ Тоқаев кәсіпкерлерге мешіт салумен қатар, мектеп салуды ұмытпаңдар деп құлаққағыс жасады. 

Түрлі жанжал, алқам-салқам сауда, алдау, алаяқтық - “Алтын Орда” базарында қандай өзгерістер бар? 

Кезінде премьер-министр болған Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы, қазақстандық банкир, олигарх Бақыт Ибрагим қайтыс болды деген ақпарат шықты. Кәсіпкер өз-өзіне қол жұмсаған деседі. 

Рысбек Сәрсенбайұлы Алматыда баспасөз конференциясын өткізіп, түрмеде отырған саяси белсенділерге тағылған айыптарды ойдан шығарылған, барлық мәселе саяси сипатта болып тұр деп мәлімдеме жасады. Ол түрмеге қамалғандардың барлығы билікті ашық сынағандар еді дейді.

Ұлыс аптаны көріп, ой қосыңыздар. “Әділетті Қазақстанды” саяси сауатты халық қана жасай алатынын ойдан шығармайық.