Самат Әбіштің сотын бір ай бойы жасырған. Назарбаев Путиннен көмек сұрады ма

Ulysmedia

Ulysmedia.kz порталының бас редакторы Самал Ибраева оқырман, көрермен назарына мәжіліс депутаты Ермұрат Бапимен өрбіткен сұхбатты ұсынады.

Коллаж Ulysmedia

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болған генерал Самат Әбіш “Қаңтар оқиғасы” кезінде билігін асыра пайдаланды деп айыпталып, 8 жылға шартты жаза алды. Бұл үкім 26 ақпанда шыққан. Алайда құқық қорғау органдары ешқандай ақпарат бермей жасырып келген. Дәл қазір Самат Әбіштің ауыр қылмыстық іс бойынша айыпталып, шартты жаза алып құтылғаны халық арасында наразылық туғызып жатыр.

Осыған байланысты мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи мырзаны сұхбатқа шақырып, Есік Қазақстан мен Жаңа Қазақстан арасындағы текетірес жөнінде сөйлестік. Сұхбатта Әбіштің шартты жаза алуы, Әлия Назарбаеваның жауапқа тартылмауы, активтердің елге қайтпауы жайлы айтылды.