Қарғын су басқан Құлсары – Атырау облысынан арнайы репортаж

Ulysmedia

Құлсарыда үйі суға кеткен әйелдің видеосын ауыр қабылдадым. Содан қаладағы ахуалды өз көзімізбен көруге, бүгін таңғы 8-де Ulysmedia.kz түсіру тобымен Атырауға ұшып келдік.

Коллаж Ulysmedia

Құлсарының орталық көшесіне дейін су алып кеткен. Қалаға көлікпен келіп үлгердік. Бірақ, қайта шығу қиындық туғызып тұр.

Жақын маңдағы ауылдар өз күштерімен тасқын судан қорғанудың амалын жасап жатыр.

Қала тұрғындары ашулы. Шенеуніктер мұнда көрінбейді. Төбеден тікұшақпен барлап, кетіп қалады екен. 

Бастықтар төбеден видео түсіріп жүргенде, мұнда техника, жанармай, элементарно керосин жетіспей жатыр.

Халықтың жанайқайы мен аймақтағы нақты жағдайы біздің репортажда.