Ulysmedia.kz порталы әдеттегідей аптаның басты жаңалықтарына шолу жасайды. Өтіп бара жатқан жеті күн несімен есте қалды? Саралап көрелік.
Осы аптадағы негізгі жаңалықтар:
Су тасқынына қарсы күреске бөлінген 1 млрд теңге жымқырылған.
Үкімет тасқыннан зардап шеккендерге 4,5 млрд теңге көлемінде бір реттік көмек берілгенін хабарлады.
Ұлысмедиа редакциясына Оралдан оннан аса адам хабарлып, саяжайлардағы үйлері су алып кеткен олар "енді далада қаламыз ба" деп қорқып отырғанын жеткізді.
Елтаңбаны өзгерту – Тоқаевтың ұсынысы емес. Мұндай мәлімдемені мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринжариялады.
Тасқын кезінде көрінбей кеткен төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қайда жүр?
Бишімбаевтың сотына ресейлік журналистер мен түрлі блогерлер араласа бастады. Тікелей эфирде өтіп жатқан сот отырысы бұл жолы тағы да елдің жағасын ұстатты.
Ал “Атамекен” палатасының басшысы Райымбек Баталов ақталып әлек.
Сотта болып қайтқан ресейлік журналист Ксения Собчак “қазақтың ұят ұғымының кесірінен Салтанат Нүкенова құрбан болды” деп мәлімдеме жасады.
Бишімбаевтар да қалыс қалмай, ресейлік коуч Наталья Грейсті миллиондаған сомаға жалдапты деген ақпарат шықты.
Ал пропаганда айтпақшы, ресейлік Алексей Пивоваров деген журналист келіп, «Қазақстанда қалай?» деген фильм түсіріп кетті. Жалпы, бұл жақсы үрдіс емес. Осылайша, көрші ел Қазақстандағы қоғамдық пікірдің қалыптасуына қол сұға бастады деген сөз. Қоғамдық пікір үлкен күш, оны сырт ел билемеуі керек.
Қазақстанда тик-ток бұғатталатын сияқты. Мұндай бастаманы депутаттарымыз ұсынып, министрлеріміз қоштап отыр.