Садықовты өлтіргендер ұстала ма?Қытайға сенуге бола ма? Жұлдыздар шетінен неге қамалып жатыр? - Ұлыс апта

Сырым Қаржас

Аптаның ең айшықты деген оқиғаларын өздеріңізге жеткізуге дайынбыз. Ендеше, назар сізден, талдау бізден болсын! «Ұлыс медиа» қатарына қосылып, лайк басып, пікір қалдыруды да ұмытпаңыз. 

Ulysmedia.kz

Алдымен, аңдатпа:

Ұлы саммитті өткізіп, Ақорда бір «уф» деді. Сонымен Шынхай ынтымақтастық ұйымына келгендер қандай шешім қабылдап қайтты?

Путин соғысты тоқтатқысы келетінін, бірақ оған бәрібір Украина капитуляциясы керек екенін меңзеді.

Қытай әрқашан Қазақстанға сенімді тірек болады 

Си мырзаның айтқан сөзінің астарында не бар?

Киевте өлтірілген журналист Айдос Садықов жерленеді. Оны ақтық сапарға шығару рәсімін Қырым мұсылмандар діни басқармасы шариат талаптарына сай өткізіп беріпті. Киллерлер ұсталды ма?

Бәрін референдум шешеді. Қазақстанда атом электр станциясының салынуын сіз құп көресіз бе? Биліктің қорқатыны не?

Қазақстанда доллардың бағамы көтерілуде. Мұның арты қымбатшылыққа әкелмей ме? 

Қазақ той бизнесінің жұлдызы – Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамалды. Бұған дейін шоумен Тұрсынбек Қабатов та ұсталған. Жұлдыздарды жын ұрған ба?