Париждегі алтын, ел үшін тер төкпеген теннисшілер, абақтыдағы бас имам мен әзілкеш – Ұлыс апта

Ulysmedia

Ulysmedia.kz оқырман назарына дәстүрлі түрде апталық шолуды ұсынады.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Осы аптадағы басты жаңалықтар:
 
Күндіз бас имам, түнде мас имам. Қостанай мешітінің діни қызметкері арақ ішіп, көлік тізгіндеп отырған жерінен ұсталды. 

Сахнада “Жаңа Қазақстанды” сынап, балағат сөз айтқан стендап комик қамалды.  «Орыстар» туралы рэп айтқан белсенді қыз да 10 күнге қамалды. Бұл қаншалықты заңды?

Тоқаев Мәсімовті кешірмеді. «Мемлекетке опазыздық жасады» деп 18 жылға сотталған бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы шынымен де рақымшылыққа үмітті болған ба?
 
Байден сайлаудан бас тартып, орнына ұсынған вице-президенті Камала Харрис Трампты жеңеуге қауқарлы ма? Демократтар арасында оған қарсы шығып жатқандар бар.

Маңғыстауда мұнайгаз саласында миллиардтаған теңге қолды болғаны анықталды. Мұнаймен байығандар шетелде зәулім ғимарат алып шалықтап жүр.

Журналист Думан Мұхаммедкәрім өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Судья оның денсаулығы сыр бергенін неге ескермей отыр?
 
Парижде 33 жазғы олимпиада ойындары басталды. Бірақ сайыс алдында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева додадан бас тартты. Бұл сатқындық па? 

Қазаққа рух берген жеңіс. Елдос Сметов Парижде алтын алды.  

Статистикаға қарағанда жылда 10 млн қазақстандық шетелге барып демалып келеді? Бұл рас па? Халықтың өзінен сұраймыз.