Соңғы уақытта елімізде отбасындағы ұрыс-керіс, зорлық-зомбылық деректері ашық айтылып, қоғамдық резонанс туғызатын оқиғаларға жиі ұласып жатыр. Бұл жолы Марат Әйтенов пен Дана Әтешованың арасындағы кикілжің ақпарат алаңында қызу талқыланды. Ulysmedia.kz бірінші кезекте Дана Әтешоваға байланысқа шығып, көлемді сұхбат жазды. Ол болған оқиғаға өз бағасын берген.
Бүгін екінші тарап Марат Әйтеновті студияға шақырдық.
Әйтенов мырза отбасындағы кикілжің қашан, қандай себеппен басталғанын, неліктен бір үй дүйім ел білетін дауға айналғанын айтты.
Қазір балаларымен қарым-қатынасы қандай? Ол қандай әке? Сот процесінде не болды? Екі тарап келісімге келе ала ма? Осы және өзге де өзекті сауалдарға жауап берді.
Ескерту, «Ұлысмедиа» әр оқиғаға қатысты тараптардың көзқарасын теңдей беру арқылы объективтілікке ұмтылады. Спикерлердің пікірі редакцияның позициясымен сәйкес келмеуі мүмкін.