«Қазақ билігінде ереже жоқ» – Ермек Тұрсыновпен эксклюзив сұхбат

Ulysmedia

Ұлыссұхбаттың қонағы кинорежиссер, ұлтымыздың ойшыл азаматтарының бірі – Ермек Тұрсынов.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақ қоғамындағы кесек тұлғалардың тапшылығы, қоғамдағы құндылықтардың өзгеруін, кино саласындағы проблемалар жөнінде әңгімелестік.

Ермек Тұрсынов жайлы

Ермек Тұрсынов 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚҰУ журналистика факультетін тәмәмдап, кейін ВГИК-тың сценарлы-кинотану факультетінде оқыған. 

Ермек Тұрсыновтың режиссерлік мансабын «Келін» фильмінен бастады. Бұл фильм («Келін») Америка Киноакадемиясының шешімімен «Оскар» премиясына лауреат ретінде «Шет тілдік ең үздік фильмдер» қатарына кірді. 2012 жылдың қазанында прокатқа «Шал» атты жаңа кинофильмі шықты. Ол Эрнест Хэмингуэйдің «Старик и море» деген кітабының мотиві бойынша түсірілген. Алматы қаласында өткен XIII «Выбор года» фестивалінде «Шал» фильмі «Жыл фильмі» атағына ие болды. Фильмге жылдың ең үздік туындысы ретінде Қазақстан халық «Құлагер» премиясы берілген. 2013 жылы «Киношок» фестивалінде фильм гра-приге ие болды. 2014 жылы «Ника» премиясына ТМД және Балтия елдерінің «Ең үздік фильмі» атына үміткер болды.

Ермек Тұрсынов қоғамдағы өзекті мәселелерге байланысты ойын ашық білдіреді. Президент жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі болған.