Бостандықтың құны, Қызылордадағы педофилдер мен Ақордаға кіре алмаған жүлдегерлер – Ұлыс апта

Ulysmedia

Қаңтар оқиғасынан кейін былтын ғана алты жылға сотталған Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды бостандыққа шығатын болды. Бостандықтың құны қанша? Сатыбалды өз қатесін мойындап, басын иіп, тіпті кешірім сұрапты. Тағы тайса да, бағы таймаған әулеттің әр мүшесі жазадан осылай құтылып кете бере ме?

Ulysmedia коллажы

Ал антикор Кәрім Мәсімовтың күйеу баласына іздеу жариялады. Шетел асып кеткен күйеу бала жайында ақпар жеткізгендерге қомақты сыйақы да бөлініпті. 

 “Кісі өлтірген адам бостандықта жүр» – марқұм Тәтішевтің інісі Тоқаевқа үндеу жолдады. Онда банкир Ержан Тәтішевті өлтірген Мұратхан Тоқмәдидің мерзімінен бұрын босап шыққанына қарсылық білдірді. 

“Саламыз, салмаймыз!” АЭС-ке қатысты кезекті қоғамдық тымдалым тағы шумен аяқталды. Алдағы референдум қалай өтпек? Халық неге, кімге қарсы?

Олимпиадағы 43-ші орын. Алтын алған жалғыз чемпионымыз Елдос Сметовке ел неліктен шүйлікті? Құрдымға кеткен қазақ боксын Қайрат Сәтжанов көтере ала ма? Өзбектер қазақтарды қалай озды? 

Бір қалада бір мың педофил? 
Қызылордада сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 16 жастағы қыздың сұмдық оқиғасы елдің жағасын ұстатты. Енді жазалылар жауаптан құтылуы мүмкін. 

Курскідегі шабуыл Путинді масқаралап, Кремльдің әлсіздігін ашық көрсетіп жатыр. Украинаның бір аптадан бері Ресей жеріне жасаған шабуылынан кейін батыс басылымдары осылай жазып жатыр.

Ендеше, назар сізден, талдау бізден болсын! «Ұлысмедиа» қатарына қосылып, лайк басып, пікір қалдыруды да ұмытпаңыз.