«Тоқмадидің өмір бойына сотталмауы – Қазақстанның масқарасы» – ФБР агенті

Ulysmedia

АҚШ Федералды бюросының экс-директоры Луи Фри  “банкир Ержан Тәтішевті өлтірді” деген айыппен сотталған Мұратхан Тоқмадидің ісі бойынша  Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға эксклюзив сұхбат берді.

Коллаж: ulysmedia.kz.

“Банкир Ержан Тәтішевті өлтірді” деген айыппен сотталған Мұратхан Тоқмадидің шартты түрде түрмеден шығатыны туралы ақпарат қоғам қарсылығын тудырды. Америкалық криминалистер тобына жетекшілік еткен, АҚШ Федералды бюросының экс-директоры осы іске бас-көз болу үшін Алматыға тағы да ат басын бұрды. Луи Фридің айтуынша, банк басшысының 2004 жылы "тапсырыспен өлтірілгені" 2017 жылы-ақ дәлелденіп қойған. Ол «егер мұндай жағдай АҚШ-та болғанда, Мұратхан Тоқмади өмірінің соңына дейін түрмеде отырар еді» дегенді айтады. 

Фри мырзаның Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген эксклюзивті сұхбатын ұсынамыз. 

Толығырақ арнамыздан көріңіздер.