Блогерлерге шүйліккен Тоқаев, парамен ұсталған ректор және тағы да АЭС жайлы – Ұлыс апта

Ulysmedia

Ulysmedia.kz оқырман назарына өтіп бара жатқан аптаның басты жаңалықтарға шолуын ұсынады.

Ulysmedia коллажы

Осы аптада Таяу Шығыстағы текетірес ушығып, Иран Израильді зымырандармен атқылады. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де Таяу Шығыс елдерінде жүрген қазақстандықтарға ескерту жасап, мүмкіндік болса елге қайтуға кеңес беріп жатыр.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан елшісі арқылы билігіне сәлем айтып, бұрынғы әдетінше одақтасын шымшып қалғысы келгендей.

28 жарым миллион теңге. Осындай мөлшерде пара алмақ болған ректор ұсталды. Антикор Ұстаздар күні қарсаңында елде жемқорлық ең көп тіркелетін сала – білім беру саласы екені жөнінде ақпарат таратты.

“Әкімнің әр қадамын аңдуды әдетке айналдырды» - Тоқаев блогерлерге неге шүйлікті? Ұлыс аптада осы мәседе де айтылды.

Осы аптада көптен бері айтылған АЭС референдумы өтеді. Қазақ жерінде АЭС салына ма?

Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың да ісі жабық күйінде өтетін болды.

Ал енді такси жасап, куреьр қызметінде жүрсеңіз, қаперіңізде болсын, табысыңыздың 4%-ын мемлекетке беруге міндеттісіз. 2025 жылдан бастап осындай заң күшіне енеді. Бұл туралы халықтың пікірі қандай? 

Осы және өзге де мәселелер жөнінде шолуды Ұлыс аптадан көре аласыздар.