Азаматтық ауыстыру мен азаматтық позиция. Оқығандар неге Қазақстаннан кетеді – арнайы репортаж

Ulysmedia

Ұлыстың командасы Америка Құрама Штаттарынан үлкен шығарылым ұсынады. Назарымызда Америкадағы қазақ ғалымдары мен әлемдік қаржы ұйымдарында еңбек етіп жүрген отандастарымыз, ғылымның күрделі салаларындағы сарапшылар.  

Ulysmedia коллажы

Вашингтон, Нью-Йорк, Бостон қалаларында тұратын кейіпкерлермен штаттарға көшу тарихы, еңбек жолы, олардың Қазақстандағы саясат пен экономика, елдің бүгіні мен келешегі туралы ойларын сұрадық. Әр кейіпкердің тұжырымы өз алдына ерекше.

Мақсатымыз – азаматтарды Америкаға кетуге не Қазақстанға қайтуға үгіттеу емес. Біреуді кінәләу да емес. Тек әлемнің бүгінгі бейнесін қазақтардың көзқарасы арқылы көрсету. Бөлісу, бір сәт тоқтап ойлануға шақыру. Көрейік! 

Бірінші бөлімнің кейіпкерлері: 

Олжас Жораев, PHD кандидат (George Mason University ), Дүниежүзілік банкте консультант 

Наргис Касенова, Гарвард университеті аға ғылыми қызметкері, Дэвис-орталығы Орталық Азия бағдарламасының жетекшісі 

Ердос Ордабаев, MIT мен Harvard жанындағы Board Institute ғылыми қызметкері 

Тілек Зейноллаев, Citadel хэдж-қорында вице-президент 

Тоғжан Қасенова,  саясаттану ғылымдарының докторы, Олбани университетінің аға ғылыми қызметкері  

Дана Бүкенова, Bloomberg Industry Group сарапшысы. 

Толығырақ Ulysmedia.kz YouTube арнасынан көріңіздер.