БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, XXI ғасырдың ортасына қарай экологиялық дағдарыстың салдарынан бес миллионға жуық адам өз үйінен безіп кетуі мүмкін. Тіпті қазірдің өзінде ғалымдар Атырау облысында 700 мыңға жуық тұрғын «экологиялық босқынға» айналуы мүмкін екенін ескертеді. Мұның басты себебі – Каспий теңізінің экожүйесінің бұзылуы. Мұнай шексіз өндіріліп, қоршаған ортаны қорғаудың тиімді әдістері қолға алынбай, теңіз суы тартылып барады.
Бір ғана мысал: бірегей эндемик – Каспий итбалықтарының популяциясы 1 миллионнан 100 мыңға дейін азайған. Балықтар мен құстардың сирек кездесетін түрлері жойылып, теңіздің өзі біртіндеп биоәртүрлі келбетін жоғалта бастаған.
Бұл туралы Caspian Sea Жаңа жаһандық экологиялық қозғалысының негізін қалаушылары әзірлеген "Каспий үні: теңіздің күні не болады?" деректі фильмінде тереңірек айтылады. Қозғалыс көшбасшылары дағдарыстың ауқымы және оның Қазақстан мен бүкіл әлем үшін салдары туралы айтып береді.
Каспийдің бірегей биоалуантүрлілігі
Каспий теңізінде балықтың 130 түрі, сирек кездесетін өсімдіктер мен 100-ден астам сулы-батпақты құстарды қоса алғанда, 400 эндемикалық түр бар. Жыл сайын аймақ арқылы 12 миллионға дейін құс қоныс аударады, теңіздің жағасында тағы 5 миллионы қыстайды.
Алайда мұнай өндірісің дамуы осы табиғи байлыққа қауіп төндіріп тұр. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қазақстанда мұнай өндірісі 2023 жылы 90 миллион тоннаға жеткен. Бұл 1990 жылмен салыстырғанда 3,5 есе көп. Тек Атырау облысында өндіріс көлемі 21 есе артқан.
Үнсіз экоцид
Фильмді әзірлеушілер дағдарыстың құстар популяциясына әсері туралы түсініктеме беру мақсатында қазақстандық орнитологтарды сөзге тартқан. Алайда мамандардың көпшілігі жобаға қатысудан бас тартты, өйткені олар мұнай компанияларымен жұмыс істейді. Тәуелсіз зерттеулер іс жүзінде жоқ, ал өткір экологиялық тақырыптар қоғамдық кеңістіктен алынып тасталады.
Жаһандық қауіп
Каспий дағдарысы тек аймақтық ғана емес, сонымен қатар жаһандық проблема, деп атап өтті Save the Caspian Sea көшбасшылары.
Каспий экожүйесінің бұзылуы аймақтан тыс климатқа, экономикаға және экологияға әсер етеді.
Эко-қозғалыс теңізді құтқару және оның биоәртүрлілігін сақтау бойынша іс-шаралар жоспарын жасаған. Қозғалыстың негізін қалаушылар: олардың науқаны табиғатты қорғауға ғана емес, сонымен бірге бүкіл планетаның мәдени мұрасы мен табиғи тепе-теңдігін сақтауға бағытталған.
Мұнай экономикасының үстемдігі жағдайында экоцидті қалай болдырмауға болады? Бұл мәселе Қазақстан мен бүкіл әлем үшін басты міндет болып қала береді.
Фильмнің толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube арнасынан көре аласыздар.