Ulysmedia.kz порталы аптаның айшықты оқиғаларына бұл жолы да шолу жасап, көрермен назарына қоғамдағы өзекті мәселелерді таразыға салуды ұсынады.
Аңдатпа:
Бурабайда ұлттық құрылтай өтті. Тікелей эфирде көрсетілмеген жиында Тоқаев Қазақстанды «жаңа тұрпатты мемлекет» деп атады. Шынында да, Қазақстан жаңа тұрпатқа ие бола алды ма? Сіз бұған сенесіз бе? Жалпы Ұлттық құрылтайдан қандай нәтиже бар?
“Қосымша құн салығы көтерілсе, кәсібіміз тоқтайды”! Таксопарктер мен бухгалтерлер Үкіметке үндеу жасады. Бектенов бұған құлақ аса ма? Ал депутаттар неге үндемей отыр?
Украина 30 күнге соғысты тоқтатуға келісті. Ресей өз шартын ұсынып жатыр. Трамп пен Путин кездесе ме? Келіссөз қайда өтеді? Вашингтон? Будапешт? Әлде Астанада өтуі мүмкін бе?
Жириновскийге ескерткіш қойылмайтын болды. Депутат Зайытов Досаевты неге ренжітті?
Түркістандағы имамның қылығы мен Баян Алағұзованың сәлем салу дәстүріне қарсы айтылған пікірі халықты қалай ашуландырды?
Осы және өзге де тақырыптарды Ulysmedia.kz порталының youtube арнасынан көріп, бөлісе отырыңыздар!