Ulysmedia.kz осы аптаның басы оқиғаларына шолу жасап, елде талқыланған өзекті мәселелерге назар аударды.
Атырау мұнай өңдеу зауыты Атырау облысындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Редакция құзырындағы құжатқа сәйкес, Атырау мұнай өндеу зауыты ресейлік «Татнефть» компаниясының сенімгерлік басқаруына берілмек. Ресми түрде мұны жекешендіру деп отыр шенеуніктер. Неліктен қазақтың стратегиялық обьектілері әртүрлі себептермен ресейліктердің басқаруына өтіп жатыр? Бұл біздің Ресейдің алдында иілуіміз бе әлде саяси күшіміздің жоқтығы ма?
Қазақстандағы жылу электр орталықтарын Ресей салып жатыр. Ертең АЭС-ті де Ресей салуы әбден мүмкін. Енді, міне, мұнай өндеу зауыттарын беріп жатырмыз? Елдің экономикалық қауіпсіздігін сонда кім қадағалауы керек? Бұл шешімді қабылдағандар ертең биліктен кетер, ал барлық зардапты шегетін ол кім? Әрине, халық.
Толығырақ Ұлыс аптада көтерілген мәселелерді толық шығарылымнан көре аласыздар.