Түркия үлкен саяси дағдарысқа ұшырап жатыр. «Демократия ұғымы не бүл, не күл болады» дейді түрік сарапшыларының өздері. Өйткені қазір тойтарыс бермесе, репрессияның арты әне-міне Ресейдің кебін кигізіп, елді нағыз автократиялық жүйенің уысына түсіреді деген қауіп бар.
«Ердоған өзінің басты қарсыласын түрмеге жапты» деген біржақты түсінік әдейі таратылып отыр» деп жатқан да тағы бір топ бар. Әрине, қазір қойылып жатқан жауабы жоқ сұрақ та көп. Түркиядағы наразылықтар кімнің ойыны? Бұл шынымен ішкі жағдай ма, әлде сыртқы күштің әсері бар ма? Түркия халқы нақты неге наразы? Президент Ердоған сайлау болмай жатып саяси қарсыластарынан арылуға кірісті ме? Бұл толқудың әлемге, Қазақстанға әсері қандай? Қазақстан үшін Түркияны қандай адам басқарғаны тиімді?
Сонымен, Түркиядан мерзімнен бұрын Президенттік сайлау өтетіні рас па? Мыңдаған халық қолдап, босатылуын талап етіп жатқан Экрем Имамоғлы деген кім?
Неге одан халықаралық саяси аренада «титан» саналатын Ердоған сескенеді? Ендеше, талдап көрейік. Талдауға шығыстанушылар Нұрат Ильясов пен Түркияда тұтып жатқан қазақ азаматы Өмер Тәйжімені шақырған едік.