Тіл үшін тартыс, оққа ұшқан Берденов пен Ресей пропагандасына тойтарыс — Ұлыс апта

Ulysmedia
Ulysmedia коллажы

Ulysmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы өтіп бара жатқан аптаның басты оқиғаларын қорытындылады.

Осы аптада әдеттегідей ел назарында болған басты мәселелер талқыланды.

Қай тілде сөйлейін? Тоқаевтың мәлімдемесінен кейінгі басты сауал - осы. Енді ешкімді «мына тілде сөйле» деп мәжбүрлеуге болмайды. Ал билік үшін қоғамда арандатушылар саны неліктен артып отыр? Әлеуметтанушы, Paperlab зерттеу орталығының директоры Серік Бейсембаевпен сұқбаттастық.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқа емес, барлау департаменті басшысы орынбасарының өлімі нені меңзейді? Барлаушылардың жүйкесі шыныменен соншалықты тозып жатыр ма, әлде Қазақстандағы күштік құрылымдарға ықпал етуші топтардың пайда болып, аолардың өзара тартыса басталып кетті ме? 

Тендер былығы ма әлде махаббат шытырманы ма? Бэтмен-шенеунік Берденовке не үшін оқ атылды? Ал оқ атқан Ернар Жиенбай ұсталған сәтте “ол менің әйеліме тиісті” деп не үшін айқа салған?  «Шымкентте жемқорлық жоқ» деген экс-депутатқа жасалған қастандықтың астарын зерттеп, оның саяси портретін сипаттап көрдік. Ұлттық Құрылтай мүшесі, Шымкент қаласының белсендісі Айгүл Орынбек өз пайымын бөлісті. 

2,5 миллиард жұмсап әскери шеру өткізу кім үшін қажет? Ресейдегі парадқа кімдер қатыспақ? Украинадағы соғысқа атсалысып жатқан  отандастарымызды  қалай  қорғаймыз? Ресей пропагандасын Қазақстанда доғару мүмкін бе? Министр Аида Балаевадан жауап алдық. Саясаттанушы Нұргелді Әбдіғалиұлынан пікір алдық.