Тұрсыновты елден қуған кім, Ақнәрдің жұмбақ өлімі һәм Марат Жыланбаевтың жағдайы қалай — Ұлыс апта

Ulysmedia
Ulysmedia коллажы

Ulysmedia осы аптада елде болған басты оқиғаларға шолу жасады.

«Құрдымға кетіп барамыз, түк болмағандай жүре алмаймын» деген танымал кино режиссер Ермек Тұрсынов елден кетті. Мәдениет пен өнер саласындағы кем-кетікті айтып жүрген режиссер нақты кімге жақпай қалды? Тұрсыновты жақтаған да бар, даттаған да бар. Қоғам неге екіге бөлініп, қырылып жатыр? 

Алматыда көп қабатты үйден құлап, қаза болған 22 жастағы Ақнәр Гүлістанның анасы президент Тоқаевқа үндеу жариялап, әділдік іздеп көмек, сұрады

Астанада шенеунік Қожағапанов пен белгілі продюсер Ләззат Көккозоваға қатысты шыққан үкім шу шығарды. Ал адвокат Мәкіш Есқараев “бұл күн Қазақстандағы сот жүйесінің құрдымға кеткен күні” деп мәлімдеме жасады.

Жеті жылға сотталған саяси белсенді Марат Жыланбаевтың жағдайы ауыр. Бұл марафоншыны сындырудің әдісі ме әлде қысым көрсету ме? 
Сара Назарбаева тірі. Қазақстанның тұңғыш ханымы туралы халық не ойлайды? Ал саяси сахнада the First Lady рөлі қандай болу керек. Қазақ қоғамы неге “бірінші ханым” деген статусты қабылдамайды. Саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиевамен сұқбаттастық. 

Өнер және мәдениет саласының үздіктері марапатталды. Тағы шу шықты. Біз қазақ марапатқа тым үйір болып кеткен жоқпыз ба?

Осы тақырыптарға шолуымызды Ulysmedia порталының ютуб-арнасынан көре аласыздар.