805 млн теңге тапқан топ-менеджер. Мектеп салып байып жатқан олигархтар мен әскердегі қаза – Ұлыс апта

Сырым Қаржас

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева аптаның маңызды оқиғаларын қорытындылап шықты. Саяси шолуда көтерілген тақырыптар өзекті және қазақ қоғамы үшін маңызды деп есептейміз.

Сонымен көтерілген тақырыптар мынадай:

Жұманғариннің әйелі 1 жылда қалай 88 млн теңге тапты? Ал "Самұрық-Қазынаның" басшысы 3 жылда 805 млн теңге тапқан. Шенеуніктер көрсеткен табыс декларациясы қаншалықты шынайы?

Мектептердегі ақша жымқыру неге тыйылмай тұр? Білім мен тәрбие ошағы қалай жемқорлық ошағына айналып кетті? Бұл салаға көз тіккен олигархтар кімдер? Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновпен талқыладық. 

Әйелін атпен сүйреп өлтірген айуан небәрі 15 жылға сотталды. Бірақ қоғам өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап еткен болатын. Жалпы әйелін ұрып өлтіргендерге қандай жаза әділ болар еді?

Әскерде тағы бір тепсе темір үзер сарбаз қаза болды. Зар жылаған сарбаздың жақындары Ұлыстан көмек сұрады. Бұл қазаға кім жауап береді екен?

АҚШ-тың Венесуэла президентін тұтқындауы халықаралық құқықтың біткені ме, жаңа ереженің басталғаны ма? Трамп Венесуэлаға күш қолданып, не көрсеткісі келді? 

Ал мұнай бағасы құласа, Қазақстанның жағдайы не болмақ? Ең ірі мұнай жобаларындағы Қазақстанның үлесі небәрі 2%. Бұл, әрине, нонсенс! Сарапшы Асхат Қасенғалимен талқыладық. 

Билік, транзит, парламенттік реформа. Тоқаев елге қандай месседж беріп отыр?

Шолудың толық нұсқасын YouTube-арнамыздан көре аласыздар.