«Қайрат жүкті кезімде ұрды, ішімнен тепті» - далада қалған экс тоқалы

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының экс-әйелі Ulysmedia ютуб арнасына сұхбат берді. Ашық диалогта бұрын еш жерде жарияланбаған шындықтар айтылды. Асылжан Есенқызы экс күйеунінен көрген қорлығын, бастан өткергенін Самал Ибраеваға бүкпесіз баяндады. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Асылжан Есенқызы – Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының экс-әйелі. Бізге сұхбат берген Асылжан алты жасар «науқас» қызымен бірге тұрып жатқан үйінен қуылып жатқанын хабарлады. Сатыбалдының «тоқалы» болып жәбір көргенін, жүкті кезінде таяқ жегенін, Назарбаевтар отбасына сіңісе алмағанын айтты.

«Қайрат Сатыбалды жауапты мемлекеттік лауазымдарда жүрсе де, уақытын әйел алумен, бірнеше рет үйленумен, тұрмыстық жанжалдармен өткізді»-  деді.

Сондықтан біздің редакция аталған сұхбатты тұрмыстық мәселені жұртқа жаю деп есептемейді, бұл айтылғандар 30 жылға жуық елімізді басқарған отбасының моральдық сипатын, құндылықтарын ашатын деректер.

Ұлттық қауіпсіздікке кімдер жауапты болған? Ұлттық компанияларымызды кімдер басқарған? Олардың адам құқы, әйел хақы мен еркіне, ұрпаққа, балаға деген көзқарасы қандай болған? Бізге осы маңызды. Көріп, пікіріңізді айтыңыз.

Сұхбаттың толық нұсқасы ULYSMEDIA ютуб арнасында.