Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева аптаның маңызды оқиғаларын қорытындылап шықты.
Саяси шолуда көтерілген тақырыптар өзекті және қазақ қоғамы үшін маңызды деп есептейміз.
Трамп Қазақстанды мақтады? АҚШ президентінің көздегені не?
Ал Тоқаев Вашингтон төрінде Дональд Трамп атындағы сыйлық тағайындау керек деп ұсыныс жасады. Дипломатия тілінде мұндай риторика нені білдіреді?
7 триллионның жыры мен сыры. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен кетті. Сонымен кімнің сөзі рас, кімдікі өтірік болып шықты? Мұндай триллиондарды өткізген банк жауапкершілікке тартыла ма?
«Қашқандар қайтып келмейді». Ауыр қылмыстар бойынша айыпталып отырған Қожамжаров пен Дүйсеновтерді Қазақстан неге елге қайтара алмай отыр?
Халықтың қалтасын қағып, елдің несібесін жегендер жазасыз жүре бере ме?
Түйені түгімен жейтін жемқорлар саны азаяр емес. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Жақсылық Омар ұсталды.
Ал Қазақстанда конституциялық реформалар бойынша референдумға дайындық жұмыстары басталып кетті. Қоғам қандай консенсусқа келді?
Жаңа вице-президент Дариға Назарбаева болады деген сыбыстың артында кім тұр? Халықтың шынайы пікірін білдік. Елде саяси науқан қызып жатқан уақытта саяси белсенді Санжар Боқаев Америкаға кетіп қалды. Ол шынымен шаршады ма? Бәрін тарқатып айтып береміз. Бізбен бірге болыңыздар.