Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева аптаның ең маңызды оқиғаларын қорытындылады. Саяси шолуда көтерілген тақырыптар өзекті әрі қазақ қоғамы үшін маңызды деп есептейміз.
АҚШ пен Израильдің Ирандағы операциясы немен аяқталуы мүмкін? Бұл Таяу Шығысты қайта бөліске салудың бастамасы ма? Иран елшілігі Қазақстанға неге ренжіді? Иран бойынша халықтың пікірін білдік.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Иран халқына Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев көңіл айтты. Ал Мәулен Әшімбаевтың вице-президент болуға саяси салмағы жете ме? Бұл жайында саясаттанушы Дрс Көшімнен пікір алдық.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мінберінде сөз сөйлеген Мелания Трамп қоғамның ашуын туғызды. Дональд Трамптың бейбітшілікке қатысты көздегені не?
Шенеуніктердің табысы неге әлі күнге дейін ашық емес? Декларацияны жасырған министрлердің әйелдері миллиондап табыс табады. Ал қарапайым халықтың әйелдерінде неге мұндай мүмкіндік жоқ? Бұл жолы Жұманғарин мен Сауранбаев журналистердің сұрағынан жалтарды.
Петропавлда екі бірдей судья сотталды. Ал былтыр Қазақстанда төрт судья қызметінен қуылған. Егер судьялардың өздері сотталып жатса, онда кімге сенеміз? Сот жүйесінде нені өзгерту керек? Тәуелсіз сот жүйесінсіз Қазақстан алға баспайды.
Саяси шолудың толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube арнасынан көре аласыздар.