Алматыда үш адам қайтыс болған жол апаты қоғамда үлкен резонанс тудырды. Полиция бастықтары жұмыстан кетті. Шындықты айтамын деген белсенді, заңгер Әділетхан Молдахан қамалып қалды. Оқиғаны зерттеп, Президентке үндеу жасағандардың бірі – «халық заңгері» атанып кеткен адвокат Мейірман Шекеев Ұлысқа сұхбат берді.
Неліктен іс «абайсызда кісі өлтіру» бабымен сараланып жатыр? Масаң күйдегі адам кісі өлтіріп қандай жаза алуы тиіс? Әділетхан Молдахан қандай қателік жіберді? Осы сұрақтарды талқылаймыз.
Мейірман мырза Қазақстандағы заңдардың бәріне ревизия жасалып, қайта қаралуы керек деген пікірде. «Алайда депутаттардың көбі мандатына сай қызмет атқарып отырған жоқ, заңды білмейді, халықтың мұқтажын ұқпайды» дейді ол. Подкастта партия құру, үлкен саясатқа араласу, азаматтық белсенділердің бірінен соң бірінің ұсталып, «іс арқалап кетуін» де сөз еттік. Иә, өкінішке қарай сондай тенденцияға жол бердік...
Сұқбаттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көріңіздер.