АЭС құрылысы, Көкжайлау тағдыры, олигархаттағы "ауыс-түйіс" салдары

Ulysmedia
Ulysmedia.kz

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева аптаның маңызды оқиғаларын қорытындылап шықты. Саяси шолуда көтерілген тақырыптар өзекті әрі қазақ қоғамы үшін маңызды деп есептейміз.

Ресейде қазақ мектептері ашылып жатыр. Тоқаев пен Путин қандай келісімдерге қол жеткізді. Басында консорциум салады делініп еді, енді Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті ақыры Ресей салатын болды. Қаншаға және қашан? 
 
 «Көкжайлау» үшін тартыс қайта басталды. Алматының іргесіндегі курорт кімге керек? Тау кластерін басқа аймақтарда да неге дамытпасқа? Құны 500 млрд теңге тұратын бұл жобаның артында кімнің мүдделері тұр? Аты орысша “Алматы суперски” деген не? Тайжан мен Тұрсыновтар онда не істеп жүр? Шенеуніктер емес, белсендңлер емес, қарапайым халықтың пікірі қандай? 

Әйгілі ERG-дің 40 пайыз акциясына 35 жастағы Шахмұрат Мұталіп иеленді.  Бай және қуатты жаңа кәсіпкерлерге еш қарсылығымыз жоқ, әрине. Бірақ ашықтық қайда? Жаңа олигархтың капиталы қайдан келген? Мүтәліп пен Ориджон Шодиевті не байланыстырады? Сарапшылармен талқыладық. 

Шолудың толық нұсқасын YouTube арнадан көріңіздер.