Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева аптаның маңызды оқиғаларын қорытындылап шықты. Саяси шолуда көтерілген тақырыптар өзекті әрі қазақ қоғамы үшін маңызды деп есептейміз.
Тоқаевтың Путинге айтқан мәлімдемесі. Президент алғаш рет Украинадағы соғыстың табиғаты «көп адамға, оның ішінде бізге де түсініксіз» екенін айтты және қақтығысты тоқтатуға үндеді. Бұл сөздің астарында не жатыр? Украинаның ресми реакциясы қандай? Алдағы Трамп–Зеленский кездесуі соғыстың тағдырына әсер ете ме?
КТК-ға жасалған шабуыл. Қазақстан бұл оқиғаны елдің экономикалық мүддесіне қол сұғушылық деп бағалады. Шабуылдың салдары қандай? Кім жауап береді? Ал украиналық сарапшының қазақ халқынан кешірім сұрауы нені білдіреді?
Украиналық сарапшы, философия докторы Николай Волковскиймен сөйлестік.
Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың 21-пакетін қабылдады. Оның Ресейге ғана емес, Қазақстан экономикасына ықпалы қандай болуы мүмкін?
Қазақстанда сайлау науқаны басталды. 23 тамызда Құрылтай сайлауы өтеді. Партиялар қандай кампания жүргізіп жатыр? Неге кейбірі Instagram-дағы рилстардың деңгейінен аса алмай жүр? Әнші-күйші, блогерлерді саясатқа аралстыру - халықпен санаспағандық па? Бұл жолғы саяси бәсеке қаншалықты тартысты басталды?
Блогер Азамат Омаров екі айға қамауға алынды. Бұл істің қазіргі мән-жайы қандай?
Қамауда отырған журналист Думан Мұхамедкәрімнің хаты. Ол өзін Қызылордадан Алматыға ауыстыруды талап етіп, хат жолдады. Оның жағдайы нашар.
Шығарылымның толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көре аласыздар.