«Дұрыс таңдау»: Литва елшісі Қазақстанның саясаты, Ресей және Еуропа жайлы

Ulysmedia

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева Қазақстанның Еуропалық одақпен қарым-қатынасы, Астана мен Вильнюстің дипломатиялық байланысы, Украинадағы соғыс, санкциялар, адам құқықтары мен сөз бостандығы жөнінде Қазақстандағы Литва елшісі Эгидиюс Навикаспен сұхбаттасты.

Сұхбат барысында КСРО ыдырағаннан кейінгі Литваның даму тәжірибесі, мемлекеттік тілді нығайту, білім беру, экономикалық ынтымақтастық және Қазақстан мен Литва арасындағы байланысты одан әрі жақындату перспективалары да талқыланды.

Еуропаның Орталық Азияға деген қызығушылығы неге артып келеді? Еуропалық одақ Қазақстанның көпвекторлы саясатын қалай бағалайды? Қазақстан Литва тәжірибесінен қандай сабақ ала алады?

Еуропаның Орталық Азияға қызығушылығы неге артып келеді? Еуропалық одақ Қазақстандағы адам құқықтарының жағдайына қандай баға береді? Литваның тәжірибесі елімізге қаншалықты пайдалы болуы мүмкін?

Сұхбатта адам құқықтары мен сөз бостандығына да арнайы тоқталдық. Елші еуропалық дипломаттардың Қазақстан билігі алдында үнемі көтеретін мәселелері қандай екенін және Орталық Азия елдерін салыстырғанда Қазақстанды неліктен «тізімнің жоғарғы жағына» жатқызатынын айтып берді.

Сұхбаттың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube арнасынан көріңіздер.