Құрылтай неден қорқады? Соғысқа кеткен қазақтар. Қазақша көшелерге кім қарсы? - Ұлыс апта

«Ұлысмедианың» бас редакторы Самал Ибраева аптаның басты саяси оқиғаларын саралайды.

Осы шығарылымда:

Қазақстан әскерінде реформа басталды ма, әлде жаңару басшылықтың ауысуымен шектеле ме? Қорғаныс министрлігіне қаржы маманының баруы нені білдіреді? Каспийдегі трагедия үшін қорғаныс министрі Дәурен Қосанов неге жауапқа тартылмай жатыр? Осы уақытқа дейін қорғаныс саласына бөлінген триллиондар қайда кетті?

Әр қазағым -  жалғызым. Ресейге жұмыс іздеп барған жастар қалайша соғысқа тап болды? Енді оларды елге қайтара аламыз ба? Дипломаттар қазақ азаматтарын қорғау үшін не істеп жатыр?

Алматы көшелерінің қазақша атауларын менсінбеген блогер қатаң жазалануы керек пе? Құзырлы органдар бұл әрекетке қандай баға беруі керек? Блогерге айыппұл салынды. Бірақ қоғам неге қанағаттанбай отыр? Қазақ атауларын менсінбеудің артында не тұр?

Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай мырзаға үндеу. Журналистердің сұрақ қоюына қойылған шектеуді алып тастау - қоғам талабы. Сондықтан шенеуніктер мен депутаттарға ашық сұрақ қоюға мүмкіндік беруді сұраймыз.

Шығарылымның толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көріңіздер.