«Ресей соғысты тоқтатқысы келмейді» – Литва вице-министрі

Ulysmedia.kz коллажы

Ресей мен Украина арасындағы соғыс қашан аяқталады? Путин мен Зеленский келісімге келе ала ма? Еуропа Ресейге қарсы санкцияларды күшейте ме? Ал Қазақстанның Ресеймен тығыз қарым-қатынасына Батыс қалай қарайды?

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева Литва сыртқы істер министрінің орынбасары Криступас Вайтекунаспен эксклюзивті сұхбат жүргізді.

Сұхбатта халықаралық саясаттағы ең өзекті мәселелер талқыланды:

  • Ресей Украинадағы соғысты неге тоқтатпай отыр?
  • Дональд Трамптың Украинадағы сайлауға қатысты ұстанымын Литва қалай бағалайды?
  • Еуропа Қазақстанның көпвекторлы саясатын қалай бағалайды? 
  • Ресейге қарсы санкциялар Қазақстан экономикасына қалай әсер етуі мүмкін?
  • Астана Мәскеу мен Киев арасындағы бейбіт келіссөздер алаңына айнала ала ма?
  • Литва қорғанысқа ЖІӨ-нің 5 пайызынан астамын жұмсайды. Бұл нені білдіреді?
  • Орта дәліз бен Клайпеда порты Қазақстанға қандай экономикалық мүмкіндіктер ашады?
  • Еуропалық бизнес Қазақстанға не ұсына алады?
  • Қазақстан мен Литва арасындағы экономикалық байланыс қалай нығаймақ?

«Қазақстанның жағдайы оңай емес. Оның Ресеймен 7,5 мың шақырымға жуық шекарасы бар. Сондықтан Қазақстанның көпвекторлы саясат ұстануға тырысып отырғанын түсінеміз», – дейді Литва вице-министрі.

Ол сондай-ақ Ресейдің соғысты тоқтатуға ниетті емес екенін айтып, Украинаға қолдау көрсету мен санкциялық қысымды күшейту қажеттігін түсіндірді.

Қазақстанның геосаяси таңдауы, Еуропаның қауіпсіздігі және әлемдік саясаттың болашағы туралы ашық әңгіме.

Толық сұхбатты Ulysmedia You-Tube арнасынан көріңіздер.