Қазақстандағы ең бай адам кім? Қазақстан компаниялары Ресейге сатылды. Мәскеуде не болды? Ұлысапта

Ulysmedia

Ұлысапта бағдарламасы көрермендеріне жексенбілік шығарылымын ұсынады. Мұнда алдымен президент Тоқаевтың Ресейге сапары туралы айтылған. 

Фото: Ulysmedia.kz

Расында, мемлекет басшысы көрші елде өткен әскери шеруге қатысқан санаулы ғана шетел басшыларының бірі болды. Бұл қоғамда кеңінен талқыланды. Әсіресе, президентті агрессор елге барды деп айыптағандардың қарасы көп. Тоқаев Мәскеуге не үшін барды? Агрессор елді алқалап па, алаштың ертеңін ойлап па? Жобада осы сауалға жауап беріледі.

Елімізде тура Жеңіс күні КСРО туын көтеріп жүргендердің көксегені не? Олар Кеңес одағын аңсай ма, тәуелсіз қазақ елін мойындамай ма? Оларға қандай шаралар қолданылды? Ішкі істер министрінің жауабынан нені ұғамыз?

Жанболат Мамайдың ісі: Біріккен ұлттар ұйымының дегені бола ма, биліктің дегені бола ма? Ұзаққа созылған белсендінің ісі қазір қалай өрбіп жатыр? Жанболат енді қай бағытта әрекет етпек? Бұл жайында оның жары Инга Иманбай айтады. Жалпы, Ингаға бұрынғы шенділер не үшін жүгінді? 

Жаңа рейтинг. Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің тізіміне кімдер енді? Назарбаев әулетінен шыққан бұрынғы байлардың есім-сойлары тізімнің соңына сырғыпты. Бұл нені білдіреді? Қазіргі байлар кімдер?

Қаламгерлер тартысы: жазушылар одағын кім басқарды? Төрағаны сайлады ма, тағайындады ма? Қоғамдық ұйымның жұмысына билік неге араласады? 

Қазақстан ресейлік Росатом компаниясына өз компанияларын сатып жіберген. Ал ұлттық мүддені кім ескереді?

Ұлысаптада осы тақырыптар қозғалды. Көріңіз, пікір білдіріңіз, арнаға жазылыңыз!