Ауыл тұрғындарына 7 миллион теңге. Қымбатшылық, кредит, Еуразиялық одақтан шығу - Серік Жұманғарин

Ulysmedia

Ұлыссұхбаттың бүгінгі қонағы – ҚР Премьер-министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Фото: Ulysmedia.kz

Шенеунік халықтың қазіргі басты уайымына айналған - қымбатшылық, күнкөрістің төмендеуі және елдің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстар жайында сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Ауылдағы жұртшылықтың кәсіпкерлікпен айналысуы, шаруаларға берілетін мемлекеттің көмегі, қант тапшылығы, мемлекетке қайтарылған жерлер, Үкімет жұмысындағы кемшіліктер туралы сауалдар да қойылды. 
 
Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарыққа тигізіп жатқан әсері мен залалы, ұйымнан шығу мәселесі журналистпен арадағы ашық әңгіме өзегіне айналды.

Вице-премьер үлкен нарықты өз игілігімізге пайдалану мүмкіндіктерін айтуға тырысты.
 
Сұхбатты көріп, өз ойыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.